Accessibility links

Сирияда Ресей әуе күштері соққысынан 18 адам өлген


Эриха қаласында үкімет ғимараты алдында жүрген көтерілісшілер. 29 мамыр 2015 жыл.
Эриха қаласында үкімет ғимараты алдында жүрген көтерілісшілер. 29 мамыр 2015 жыл.

Сирияның солтүстігіндегі Эриха қаласында Ресей әуе күштері соққысынан кемінде 18 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Башар Асад режиміне қарсы күресіп жатқан көтерілісшілер бақылауындағы қала орталығында бірнеше үй қираған. Бұл туралы Ұлыбританияда орналасқан сириялық адам құқығын бақылау тобы хабарлаған. Оның деректері бойынша, әуе шабуылы жексенбі күні таңертең жасалған. Жергілікті үйлестіру комитеттері белсенділерінің ақпаратына қарағанда, зымырандар көп адам жүрген базар аумағына түскен.

Ariha Today тобы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қалаға ресейлік әскери ұшақтар соққы бергені туралы хабарлаған. Осы топтың ақпараты бойынша, бомбалау салдарынан қырық шақты адам мерт болып, жетпіске жуық адам жараланған.

Сириялық белсенділердің деректерінде Мәскеу Сирияда әскери әуе операцияларын бастаған қыркүйектің 30-ынан бері көп адам құрбан болғаны айтылады.

XS
SM
MD
LG