Accessibility links

ЕО Түркияға мигрант мәселесін шешуге көмектеспек


Грекиядан Македонияға өту мүмкіндігін күтіп жатқан мигранттар. 27 қараша 2015 жыл.

Грекиядан Македонияға өту мүмкіндігін күтіп жатқан мигранттар. 27 қараша 2015 жыл.

Еуропа Одағы Түркияға шекарасын нығайтып, босқындар легін Еуропаға жібермей бөгеп қалу үшін үш миллиард еуро көмек ұсынды.

Германия канцлері Ангела Меркельдің мәлімдеуінше, бұл қаржы сонымен қоса Түркияның Еуропада босқын мәртебесін беруден бас тартқан мигранттарды қабылдауы үшін де бөлінбек.

Брюссельде өткен саммит Түркияның Еуропа Одағына мүше болу келешегіне қатысты келіссөзге жаңа серпін берді. Саммитке қатысқан Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу саммит өткен күнді Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынасы үшін "тарихи күн" болды деді.

Еуропаға биыл көпшілігі Таяу Шығыс пен Ауғанстаннан 900 мыңға жуық мигрант барған.

Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск журналистерге Еуропадағы миграциялық дағдарыс Түркиямен келісім жасасу арқылы ғана шешіле салмайтынын айтты. Оның сөзінше, Еуропа Одағының сыртқы шекараларында бақылауды күшейту керек. Олай болмаса Шенген аймағында еркін жүріп тұру кезеңіне аяқталу қаупі төнеді.

XS
SM
MD
LG