Accessibility links

Назарбаев: Ресей ұшағы Түркияға шабуылдаған жоқ


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауын оқып отыр. Астана, 30 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауын оқып отыр. Астана, 30 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған жолдауын оқып тұрып "Ресей бомбалаушы ұшағы Түркияға шабуылдаған жоқ, ол терроршылармен соғысуға барған" деп мәлімдеді.

"Біз Ресей мен Түркия арасында болған оқиғаға қатысты өкініш білдіреміз. Ресей бомбалаушы ұшағы Түркияға шабуылдаған жоқ, ол терроршылармен соғысуға барған. Біз әзірге оқиғаның анық-қанығын білмейміз. Қандай қиындық болса да, тез арада мемлекетаралық комиссия құру керек. Тез арада кінәлілерді анықтап, жазалап, кеткен қателікті мойындап, қатынасты қалпына келтіру керек. Ресейдегі, Түркиядағы достарымызды осыған шақырамын" деді Назарбаев.

Түркия әуе күштері 24 қараша күні Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген соң, екі елдің арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен болатын. Түркия әскерилері ресейлік ұшақтың «елдің әуе кеңістігін бұзып, ескертуді елемегенін» мәлімдеген. Бірақ Мәскеу ол ұшақтың «Сирия аумағындағы әуе кеңістігінен шықпағанын» айтып, Түркияның шекарасын бұзғанын жоққа шығарды.

28 қараша күні Владимир Путин Түркияға қарсы санкциялар салу туралы жарлыққа қол қойды.

Кеше Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен Назарбаев Түркия-Ресей қарым-қатынасының нашарлағанына "алаңдаушылық" білдірген.

XS
SM
MD
LG