Accessibility links

"ИМ-ге адам тартқан" күдіктілер Қырғызстанға қайтарылды


ИМ туы. (Көрнекі сурет).

ИМ туы. (Көрнекі сурет).

Тәжікстан Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына адам тартты деп айыпталған екі қырғыз азаматын Қырғызстанға қайтарды.

Қырғызстан бас прокуратурасының хабарлауынша, тәжік жағы күдіктілер Жаһонгир Курмишев пен Каныбек Миманов қырғыз құқық қорғаушыларының қолына тапсырған.

Курмишев пен Миманов қыркүйекте Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғды облысында ұсталған. Оларға төрт тәжік әйелін балаларымен бірге ИМ-ге кіруге көндіріп, олардың Қырғызстан арқылы Сирияға баруын ұйымдастырмақ болды деген айып тағылған.

Тәжікстан билігі елден кетпек болған топты анықтап, күдіктілерге тергеу жүргізе бастаған.

Тәжікстан мен Қырғызстан билігі бұған дейін жүздеген азаматы СИрия мен Иракта ИМ сапында соғысып жүр деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG