Accessibility links

Тәжікстанда ислам партиясы белсендісі сотталды


Исламдық қайта жаңғыру партиясының Душанбедегі кеңсесі. Жабылардан бұрынғы сурет.
Исламдық қайта жаңғыру партиясының Душанбедегі кеңсесі. Жабылардан бұрынғы сурет.

Тәжікстанның Жоғарғы соты "терроризм" және "діни экстремизм" баптарымен айыпталған Фархор ауданындағы елде тыйым салынған Исламдық қайта жаңғыру партиясының жетекшісі, бұрынғы шенеунік Хасан Рахимовті 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Хасан Рахимов - тыйым салынған партияның абақтыға жабылған, тергеуге алынған басқа 23 мүшесінің арасындағы сот үкімі кесілген бірінші адам.

Азаттықтың Тәжік қызметіне Жоғарғы соттағы дерек көздердің 30 қарашада хабарлауынша, Рахимовке бұдан бөлек «ұлттық және діни алауыздық тудырды», «заңсыз қару сақтады» деген айыптар тағылған.

Рахимовтің туыстары оған үкімнің жабық жағдайда 27 қарашада шығарылғанын айтады. Тәжік билігі партия қызметін биылғы тамыздың соңында тоқтатқан.

29 қыркүйекте Тәжікстан Жоғарғы соты Исламдық қайта жаңғыру партиясын «экстремистік және террористік ұйым» деп тауып, тыйым салған.

Қыркүйекте "қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзоданың басшылығымен төңкеріс жасамақ болды" деп айыпталған партияның 13 мүшесі тұтқындалған.

Назарзода алдымен жұмыстан шығарылып, кейін "оны ұстау үшін жүргізілген арнайы операция кезінде оққа ұшты" деп хабарланған.

XS
SM
MD
LG