Accessibility links

Қазақстан ДСҰ-ға мүше болды


Қазақстан мен ДСҰ басшылары елдің ұйымға мүшелік келісімін бекіткен кез. Женева, 27 шілде 2015 жыл.

Қазақстан мен ДСҰ басшылары елдің ұйымға мүшелік келісімін бекіткен кез. Женева, 27 шілде 2015 жыл.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Қазақстанның ұйымға 162-мүше болып енгенін жариялады.​

Қазақстан ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөзді 1996 жылдың қаңтарында бастаған. Содан бері интеграцияның тиімділігіне қатысты әр жылдары қилы пікірлер айтылып, келіссөз процесі бірде баяу, бірде қарқынды жүрген. Оған Қазақстанның Ресеймен бірге Еуразия экономикалық одағына енуі де әсер еткен.

Қазақстанның ДСҰ-ға қосылатыны туралы құжатты ұйымның бас кеңесі 22 маусымда бекіткен.

XS
SM
MD
LG