Accessibility links

Тайшыбеков сотында соңғы сарапшы жауапталды


«Әлеуметтік араздық қоздырды» деп айыпталған Ермек Тайчибеков. Youtube
«Әлеуметтік араздық қоздырды» деп айыпталған Ермек Тайчибеков. Youtube

Жамбыл облысының Қордай аудандық сотында блогер Ермек Тайшыбековтің әлеуметтік желілердегі жарияланымдарын сараптап, оны "ұлтаралық алауыздық" қоздырды деп айыптаған үш сарапшының бірі жауапталды. Бұл туралы Азаттыққа сот залынан Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі бюро қызметкері Андрей Свиридов хабарлады.

Судья Қайрат Белгішев сот тергеуінің аяқталып, тараптар жарыссөзінің басталатынын білдіріп, 4 желтоқсанға белгілеген сот мәжілісінде іс материалын жария ететінін мәлімдеген. Сотталушы Ермек Тайшыбеков сотқа келесі мәжілісте оның әлеуметтік желілерде шыққан мәтіндеріне тәуелсіз соттық-филологиялық сараптама жасауды талап ететіні туралы айтқан.

Жамбыл облысы Қордай ауданының 37 жастағы тұрғыны Ермек Тайшыбековке әлеуметтік желі қолданушыларының арызы бойынша биылғы жазда қылмыстық іс қозғалған. Оның ісі туралы сот 4 қарашада басталған.

XS
SM
MD
LG