Accessibility links

Бүгін тұңғыш президент күні


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Биылғы желтоқсанның 1-і күні, яғни сейсенбі - Қазақстанда үшінші жыл мереке саналып келеді. Бұл – тұңғыш президент күні. Бүгін Қазақстанда осы мереке құрметіне ресми түрде демалыс жарияланған. Соңғы бірнеше апта бойы осы мейрамның құрметіне мекемелерде, мектептерде қилы жарыс, көрмелер, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған түрлі шаралар өткізілді.

Қазақстанда тұңғыш президент күнінің белгіленуін кейбір саясаткерлер жеке басқа табынудың көрінісі десе, екінші бір саясаткерлер мұны "Нұрсұлтан Назарбаевқа деген халық құрметінің белгісі" деп санайды.

Елде бұл мереке 2012 жылдан бері тойлана бастаған. 1991 жылы желтоқсанның 1-і күні алғашқы жалпыхалықтық сайлауда жалғыз кандидат Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР президенті қызметіне қайта сайланған. Елдегі тағы бір мемлекеттік мереке – Астана күнін де Назарбаевтың тұлғасымен байланыстырады. Астана күні мерекесі Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні - шілденің 6-сына белгіленген.

XS
SM
MD
LG