Accessibility links

«Әл-Қаида» Сауд Арабиясына сес көрсетті


Сауд Арабиясы провинциясы картасы. Көрнекі сурет.

Сауд Арабиясы провинциясы картасы. Көрнекі сурет.

Араб түбегіндегі "Әл-Қаида" экстремистік тобы өз мүшелері де бар сотталған топты жазалауға байланысты үкіметтің жоспарынан соң Сауд Арабиясына сес көрсетті.

Экстремистік топ 1 желтоқсанда Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған мәлімдемесінде "мүшелері жазаланса, Сауд Арабиясы территориясында теракт жасалатынын" айтып, қоқан-лоқы жасаған.

Өткен аптада Сауд Арабиясындағы ақпарат құралдары ел билігінің терроризммен айыпталған 50 адамды өлім жазасына кесетінін хабарлаған.

Amnesty International халықаралық құқық қорғаушы ұйымының мәліметінше, жыл басынан бері Сауд Арабиясы 151 адамды өлім жазасына кескен. Олардың көбі - есірткіге байланысты ұсталған шетелдіктер. Олардың арасында «Әл-Қаида» ұйымдастырған шабуылдарға қатысқаны үшін ең қатал жазаға кесілген екі Чад азаматы бар.

Сауд Арабиясында соңғы жылдары шабуылдар көбейген.

XS
SM
MD
LG