Accessibility links

Порошенко ресейлікке рақымшылық жасады


Украина президенті Петр Порошенко тұтқыннан босатылған сарбаз Андрей Гречановпен сөйлесіп тұр.
Украина президенті Петр Порошенко тұтқыннан босатылған сарбаз Андрей Гречановпен сөйлесіп тұр.

Украина президенті Петр Порошенко Донбастағы сепаратистер жағында соғысып, 14 жылға түрмеге жабылған Ресей азаматы Владимир Старковқа рақымшылық жасады. Старковты сепаратистерге тұтқын болған украиналық әскер Андрей Гречановқа айырбастаған.

Киевтегі босатылған украин әскерлерімен кездесуде сөйлеген Порошенконың айтуынша, Украина әскери қызметінің 81-десанттық барлау бөлімінің бастығы Андрей Гречановты он сегізінші талпыныстан соң босатып алған. Украина президенті «Норманд форматындағы» кездесу кезінде Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Франсуа Олландқа украин тұтқынын босату үшін Ресей президенті Владимир Путинге ықпал етуді өтінгенін айтты.

Андрей Гречанов Донбастағы ресейшіл сепаратистердің тұтқынына биыл тамызда түскен.

Ал Ресей армиясының майоры Владимир Старков Украинаның бақылау пунктерінің бірінде биыл шілдеде ұсталған. Ол Новочеркаскідегі бөлімшеге тіркелгенімен, "іс жүзінде әскери санақ жүргізу үшін" Донецк облысында болған.

XS
SM
MD
LG