Accessibility links

Нардаранда арнайы операция жүргізілді


Нардаран поселкесінің әйелдері полицейлермен кездесуге шықты. Әзербайжан. баку. 1 желтоқсан 2015
Нардаран поселкесінің әйелдері полицейлермен кездесуге шықты. Әзербайжан. баку. 1 желтоқсан 2015

Жеті адам қаза тапқан өткен аптадағы қақтығыстан соң Бакудің маңындағы Нардаран ауылында 1 желтоқсан күні құқық қорғау органдары арнайы операция жүргізді.

Ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік министрлігі мен бас прокуратураның бірлескен мәлімдемесінде операция қару-жарақ пен жарылғыш заттарды тәркілеу мақсатында өткізіліп жатқаны айтылған. Әзербайжан қызметінің сайтында Нардаранға баратын жолдардың бәрінің жабылып, ауылға ауыр әскери техниканың кіргізілгені жазылған. Жергілікті тұрғындардың үйінде тінту жүргізілген.

26 қарашада Нардаранда «Мұсылман бірлігі» қозғалысының басшысы Тале Багирзадені ұстау операциясы кезінде полицейлер мен оның жақтастары арасында қақтығыс болған еді. Алты адам, соның ішінде екі полиция қызметкері қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған. Кейін жараланғандардың бірі қайтыс болды. Багирзадемен бірге ол басқарған қозғалыстың 14 мүшесі де ұсталған.

Әзербайжан билігі «Мұсылман бірлігі» қозғалысын елдегі конституциялық жүйені күштеп өзгертпекші және шариғат талаптарымен басқарылатын діни мемлекет құрмақшы болды деп айыптайды.

Бакуден 25 шақырымдағы Нардаран ауылы Әзербайжандағы діни консерватизм орныққан елді мекен болып саналады.

XS
SM
MD
LG