Accessibility links

Ереванда президент ұсынысына қарсылық танытып жатыр


Еревандағы оппозицияның қарсылық акциясы. Армения, 1 желтоқсан 2015 жыл.

Еревандағы оппозицияның қарсылық акциясы. Армения, 1 желтоқсан 2015 жыл.

Армения астанасында желтоқсанның 1-і күні кемінде үш мың адам «биліктің президент Серж Саргсянның қолына өтуіне мүмкіндік беретін» конституциялық реформаларға қарсылық шеруіне қатысты.

Оппозициялық «Жаңа Армения» қозғалысы бастаған акция Ереванның орталығындағы Азаттық алаңында басталған. Бұдан соң белсенділер қала көшелерімен шерулетіп, алаңға қайта оралған. Шерушілер президент Саргсянның отставкаға кетуін және жаңа сайлаулар өткізуді талап еткен жазулар ұстап шыққан. Манифестанттар талаптары орындалмайынша акцияны доғармайтындарын айтады. Демонстрацияға қатысқандар алдында сөйлеген оппозиция жетекшісі Рафи Хованисян іс басындағы үкіметтің «күні санаулы қалғанын» мәлімдеді.

6 желтоқсанда Арменияда президент Саргсянның конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарына қатысты референдум өтуі тиіс. Ұсыныстар Арменияда парламенттік демократия орнатып, елді басқарудағы негізгі рөлді президентке емес, парламентке жүктеуді көздейді.

Ал оппозиция болса Саргсян осылайша 2018 жылы өзінің екінші әрі соңғы президенттік өкілеті аяқталған соң да билікте қала бергісі келеді деп санайды. Бірақ Саргсян мұны жоққа шығарады.

Еревандағы оппозиция шеруі туралы видео:

XS
SM
MD
LG