Accessibility links

Стамбулда метро маңында жарылыс болды


Полиция қарулы жасағы жарылыс болған метро маңын күзетіп тұр. Стамбул, 1 желтоқсан 2015 жыл.

Полиция қарулы жасағы жарылыс болған метро маңын күзетіп тұр. Стамбул, 1 желтоқсан 2015 жыл.

Стамбулда сейсенбі күні метроның Байрампаша станциясы жанында болған жарылыстан бірнеше адам жараланды деп хабарлайды түркиялық ақпарат құралдары. Жарылысқа не себеп болғаны әлі белгісіз.

Метро орналасқан аудан мэрі Атилла Айдынер жарылыс метро маңында адам қарасы көбейіп, қарбалас басталған кезде болғанын және оның салдарынан бес адам жараланғанын мәлімдеген. Мэр қолдан жасалған бомба жарылған болуы мүмкін деген болжам айтады.

Бірақ Стамбул қаласының билігі жарылыс электр трансформаторынан шығуы мүмкін дейді. Жарылыстан соң Стамбулдағы бүкіл метро қозғалысы тоқтап, кейін қайта іске қосылған.

Түркияның ең ірі қаласы Стамбулда 15 миллион тұрғын бар. Қазан айында Анкарада бейбітшілік маршы кезінде болған екі жарылыстан 100-ден аса адам қаза тапқан соң Түркияда қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

XS
SM
MD
LG