Accessibility links

Минск ХВҚ-дан үш миллиард доллар несие сұрады


Беларусь президенті Александр Лкукашенко.

Беларусь президенті Александр Лкукашенко.

Беларусь үкіметі Халықаралық валюта қорынан (ХВҚ) 10 жыл мерзімге үш миллиард доллар несие сұрап, есесіне елде бірқатар экономикалық реформалар жүргізуді ұсынғанын хабарлады. 1 желтоқсанда үкімет жиынында сөйлеген президенті Александр Лукашенко ХВҚ-дан алатын несие Беларусь үшін «ең жақсы жол екенін» мәлімдеді. Премьер-министр Андрей Кабяковтың айтуынша, несиенің пайыздық мөлшерлемесі 2,28 пайызды құрауы мүмкін.

Лукашенко ХВҚ өкілдерімен кездесуінде Беларусь бірқатар реформаларды жасауға дайын екенін білдіргенін айтты.

«Мен олар ұсынған баптардың ешбірінен – тарифтерге қатысты да, зейнеткерлік жасын ұлғайту мен жалақыны өсіруге қатысты ұсыныстан да бас тартқан жоқпын» деді Лукашенко.

Бір ай бұрын Лукашенко президент болып қайта сайлануына байланысты өзін ұлықтау рәсімінде экономикалық реформалар жүргізуге шақырған ұсыныстардан бас тартқан еді. Ол кезде Лукашенко ондай өзгерістер «елдің саяси жүйесін бұзады» деп мәлімдеген.

ХВҚ делегациясы Беларусьте 9-20 қараша аралығында болған. Беларусь экономикасы қазір қиын жағдайда тұр. Жыл басынан бері елдің жалпы ішкі өнімінің деңгейі 3,7 пайызға төмендеген.

XS
SM
MD
LG