Accessibility links

Грузияда "ИМ-мен байланысы бар" 4 адам ұсталған


Грузия картасы. (Көрнекі сурет.)

Грузия картасы. (Көрнекі сурет.)

Грузия құқық қорғау органдары «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобымен байланысы бар деген күдікпен төрт адамды ұстаған.

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Леван Изоридің айтуынша, күдіктілер 1 желтоқсанда терроризммен күрес құрылымы 11 үйге жүргізген рейдтер барысында қолға түскен. Бірақ ол рейдтердің нақты қай жерде жүргенін айтпады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, төрт адам елдің батысындағы елді мекендердің бірінде ұсталған. Олардың үйлерін тінту кезінде гранаталар, тапаншалар, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, ұялы телефондар, компьютерлер мен ИМ туы табылғаны айтылады. Изорийдің сөзінше, ұсталғандардың барлығына «заңсыз қару мен жарылғыш заттар сақтаған» деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG