Accessibility links

Цукерберг дәулетін қайырымдылыққа жұмсамақ


Марк Цукерберг пен оның әйелі Присцилла Чан жаңа туған қыздары Макспен бірге.

Марк Цукерберг пен оның әйелі Присцилла Чан жаңа туған қыздары Макспен бірге.

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг 1 желтоқсанда байлығының көп бөлігін қайырымдылық мақсатына жұмсау жоспары барын жариялады.

31 жастағы миллиардер мен оның әйелі Присцилла Чан өздерінің Facebook компаниясындағы 45 миллиард долларға бағаланатын акциясының 99 пайызын өздері бақылайтын жаңа қайырымдылық қорына аударатындарын мәлімдеді. Олар бұл мәлімдемесін жаңа туған қыздары Макске арнаған үндеу ретінде Facebook арқылы жариялады.

Америкалық танымал инвестор-миллиардер Уоррен Баффет және Microsoft компаниясының негізін қалаған Билл Гейтстен кейін байлығының көбін қайырымдылыққа жұмсайтынын жариялаған Цукерберг өз қаржысы адам капиталын дамытуға, денсаулық сақтау мен білім беруге және теңдікті көтермелеуге бөлінетінін айтқан.

Марк Цукерберг дербес білім беру, ауру-сырқаумен күрес, тең құқықтылықты қамтамасыз ету салаларына зейін аударатынын мәлімдеген.

Ерлі-зайыпты Чан мен Цукерберг биыл қайырымдылыққа 1,6 миллиард доллар жұмсаған және олар жыл сайын осы мақсатқа миллиард доллар бөлуге ниет танытып отыр.

XS
SM
MD
LG