Accessibility links

Ресей үкіметі Түркияға салған санкция тізімін жариялады


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев осы елдің бомбалаушы ұшағын атып түсіргеніне «жауап ретінде» Түркияға қарсы салынған санкциялар тізімін бекітті. Үкімет сайтында жарияланған Медведевтің жарлығында 1 қаңтардан бастап Түркиядан тасымалдауға тыйым салынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізімі келтірілген. Бұған қоса Түркияға демалуға кеткен ресейліктер оралатын рейстерден өзге барлық чартерлік рейстерге тыйым салу туралы айтылған.

Ресми құжатта «Түркия ағыны» газ құбыры жобасына қатысты және Ресейдің Түркияда салып жатқан «Аккую» атом электр станциясы құрылысына қатысты ешнәрсе айтылмаған. «Газпром» компаниясындағы дереккөздерінің Reuters агенттігіне айтуынша, компания Ресей президенті Владимир Путиннің «Түркия ағыны» жобасын тоқтату немесе уақытша тоқтата тұруға бұйрық беруі мүмкін деп күтіп отыр.

Ресей-Түркия қарым-қатынасы 24 қарашада түркиялық әскери-әуе күштері Сириямен шекарада ресейлік бомбалаушы Су-24 ұшағын атып түсіргеннен соң нашарлап кетті. Анкара мен оның батыстық одақтастары Ресей ұшағы «Түркия әуе кеңістігін бұзып, ескертулерді елемеді» дейді. Бірақ Ресей ұшақ «Сирия әуе кеңістігінен шықпағанын» айтады.

XS
SM
MD
LG