Accessibility links

Пәкістан: мектепке шабуылдаған төртеуге өлім жазасы орындалды


Пешавардағы шабуыл жасалған мектеп алдында тұрған полицей. Пәкістан, 18 желтоқсан 2014 жыл.

Пешавардағы шабуыл жасалған мектеп алдында тұрған полицей. Пәкістан, 18 желтоқсан 2014 жыл.

Пәкістанда «Талибан» қозғалысы содырларының мектепке жасаған шабуылына қатысқан деп айыпталып өлім жазасы тағайындалған төрт адам бүгін дарға тартылғаны хабарланды.

Былтыр желтоқсанда Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласында мектепке жасалған шабуылдан 150 адам мерт болған еді. Олардың көпшілігі – балалар болған.

Бұл шабуыл Пәкістан қоғамын дүр сілкіндіріп, қоғам наразылығы үкіметті терроризмге қарсы шараларды күшейтуге, оның ішінде мораторий жарияланған соң алты жыл бойы қолданылмаған өлім жазасын қайта күшіне енгізуге мәжбүр еткен. Қауіпсіздік органдарындағы дереккөздер төрт адамға биыл тамызда сот шығарған өлім жазасы Кохат қаласындағы орталық түрмеде орындалғанын айтады. Сотталған төртеуі «Талибанның» Пәкістандағы бөлімі, бұған дейін белгісіз болып келген «Тохидвал жихад» ұйымына мүше екендері хабарланған.

XS
SM
MD
LG