Accessibility links

Калифорнияда атыс құрбандары 14 адамға жетті


Сан-Бернардино қаласындағы атыс болған ғимарат маңында жүрген полицейлер. АҚШ, 2 желтоқсан 2015 жыл.

Сан-Бернардино қаласындағы атыс болған ғимарат маңында жүрген полицейлер. АҚШ, 2 желтоқсан 2015 жыл.

АҚШ-тың Калифорния штатының Сан-Бернардино қаласында белгісіздердің қарулы шабуылынан, соңғы мәліметтер бойынша, кемінде 14 адам мерт болып, 14 адам жараланған. Кейбір ақпараттар бойынша, атыс қала орталығындағы Inland Regional Center үкіметтік емес ұйымының кеңсесінде болған. Оқ атқан үш адам жақсы қаруланған және оқ өтпейтін кеудеше киген деген дерек бар.

Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, күдіктілер атыс орнынан жол талғамайтын көлікке мініп қашып кеткен. Атыс болған ұйым мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істейді. Атыс кезінде ғимаратта жүз шақты қызметкер мен науқас болған деген болжам бар.

214 мың тұрғыны бар Сан-Бернардино қаласы штат орталығы Лос-Анжелестен 100 километр қашықтықта орналасқан.

XS
SM
MD
LG