Accessibility links

Ұлыбритания ИМ-ге қарсы коалицияға қосылады


Ұлыбритания премьер-миинстрі Дэвид Кэмерон парламенттің қауымдар палатасында сөйлеп тұр. Лондон, 2 желтоқсан 2015 жыл.
Ұлыбритания премьер-миинстрі Дэвид Кэмерон парламенттің қауымдар палатасында сөйлеп тұр. Лондон, 2 желтоқсан 2015 жыл.

Ұлыбритания парламентінің қауымдар палатасы 2 желтоқсан күні кешке үкіметтің Сириядағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына әуеден соққы беріп жатқан халықаралық коалицияға қосылу ұсынысын мақұлдады.

Ұсынысты 397 депутат қолдап, 223 депутат қарсы дауыс берген.

Парламентте сөйлеген премьер-министр Дэвид Кэмерон ИМ тобы «Ұлыбритания қауіпсіздігіне қатер төндіреді» деп мәлімдеген.

Оппозициялық лейбористер партиясының жетекшісі Джереми Корбин мен осы партияның көпшілік мүшесі әуе шабуылдарына қарсы болды. Бірақ, Guardian басылымының хабарлауынша, 67 лейборист депутат консервативтік үкімет ұсынысын қолдаған.

XS
SM
MD
LG