Accessibility links

ИМ содырлары "Ресей тыңшысын" өлтіргенін айтады


Ересек адамның нұсқауымен "Ресей тыңшысы" деген адамдарды атып тұрған бала түсірілген видеодан скриншот.
Ересек адамның нұсқауымен "Ресей тыңшысы" деген адамдарды атып тұрған бала түсірілген видеодан скриншот.

«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының содырлары «Ресей тыңшысының» басын алғанын жариялады деп хабарлады исламшыл сайттарға мониторинг жүргізетін SITE тобы.

2 желтоқсанда интернетте жарияланған видеода үстіне қызғылт сары түсті комбинезон киген ер адамды өлтіру сәті көрсетілген. Содырлар оның 2014 жылдан бері Сирия мен Иракта «Ресей барлауына тыңшылық еткенін» айтады. Бұдан соң содырлардың бірі орыс тілінде Ресей мен оның президенті Владимир Путинге жаңа шабуылдар жасайтынын айтып доқ көрсетеді.

SITE тобының дерегі бойынша, видео Сирияның солтүстігіндегі ИМ содырлары орталығы – Ракка провинциясында түсірілген. Бейнежазба жайлы Reuters агенттігіне хабарлаған адам видеоның шынайылығын әзірше растай алмаған.

Ресей жағы бұл видеоға қатысты түсінік берген жоқ.

ИМ биыл қаңтарда да «Ресей тыңшысы» деп сипатталған екі адамды өлтіргені туралы видеоны әлеуметтік желіде жариялаған.

XS
SM
MD
LG