Accessibility links

Астанада көне түркілер ғұрыптық кешені көшірмесі ашылды


Көне түркілердің "Шивээн улаан" ғұрыптық тас кешенінің көшірмесі. Астана, 3 желтоқсан 2015 жыл.

Көне түркілердің "Шивээн улаан" ғұрыптық тас кешенінің көшірмесі. Астана, 3 желтоқсан 2015 жыл.

Астанада бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында көне түркілердің «Шивээт улаан» ғұрыптық кешені ғылыми көшірмесінің ашылуы болды.

6-7 ғасырға жататын, биіктігі екі метрден асатын ескерткіш кешен Моңғолияның ежелгі Отюкен алқабында түркі қағанының құрметіне орнатылған.

Моңғол тілінде «селеулі қызыл төбе» деп аталып кеткен кешеннің шығыс кіреберісінде көне түркілердің ру-тайпаларының таңбалары қашалған ұстынтас бар. Кешенде 60-қа жуық әртүрлі таңба бедерленген. Олардың арасында қырғыз, ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ, хазар сияқты ірі ру-тайпалардың таңбалары бейнеленген.

XS
SM
MD
LG