Accessibility links

Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясы жиыны өтіп жатыр


Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының конференциясына қатысушылар. Астана, 3 желтоқсан 2015 жыл.
Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының конференциясына қатысушылар. Астана, 3 желтоқсан 2015 жыл.

Астанада бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының 6-саммиті аясында «Ұлы даладағы мемлекеттілік және парламентаризм» деген тақырыпқа халықаралық конференциясы ашылды.

Жиынға парламенттік ассамблеяға мүше Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Әзербайжан парламенттерінің төрағалары, Қазақстанның мемлекеттік хатшысы, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, елшілер мен ғалымдар қатысып отыр.

Конференция қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайында көне түркілердің «Шивээт улаан» ғұрыптық кешені ғылыми көшірмесінің ашылуы өткен. 6-7 ғасырға жататын, биіктігі екі метрден асатын көне ескерткіш кешен Моңғолияның ежелгі Отюкен алқабында түркі қағанының құрметіне орнатылған.

XS
SM
MD
LG