Accessibility links

Ұлыбритания Сирияда ИМ-ге алғаш рет соққы берді


Ұлыбританияның Tornado әскери ұшағы.

Ұлыбританияның Tornado әскери ұшағы.

Ұлыбритания әскери-әуе күштері Сириядағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы позицияларына алғашқы әуе соққыларын жасады деп хабарлайды Ұлыбритания қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған халықаралық агенттіктер.

2 желтоқсан күні кешке Ұлыбритания парламенті он сағатқа созылған тартыстан соң үкіметтің Сирияда ИМ-ге қарсы соққы жасап жатқан халықаралық коалицияға қосылу туралы ұсынысын мақұлдаған.

Бұдан соң ұзамай Кипрдегі Ұлыбританияның Акротири әскери базасынан төрт Tornado жойғыш әрі бомбалаушы ұшағы әуеге көтерілген.

ИМ-ге көптеген елдер, оның ішінде Ұлыбритания да тыйым салған. 2014 жылдың қыркүйегінен Лондон Иракта ИМ содырларына қарсы әскери операция жүргізіп келеді.

XS
SM
MD
LG