Accessibility links

Ислам Каримов ерте отбасын құруға қарсылық білдірді


Өзбекстан президенті Ислам Каримов.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов өзбекстандық қыздарды 19-20 жасқа толған соң ғана тұрмысқа шығуға шақырды.

BBC-дің хабарлауынша, Наманганда сөйлеген Каримов "Бұл менің тапсырмам" деп, прокурорларға тапсырмасының орындалуын қадағалауды тапсырған. Каримовтің айтуына қарағанда, мектепті аяқтағаннан соң қыздар кем дегенде тағы үш жыл оқып, содан кейін ғана отбасы құруы тиіс. Президенттің сөйлегені елдегі барлық телеарналардан көрсетілді.

Ерте тұрмысқа шығу негізінен Өзбекстанның шығыс облыстарында кең таралған. Бұл аймақта елдің басқа аймақтарына қарағанда халықтың діншілдігі жоғары. Азаттықтың Өзбек редакциясының хабарлауынша, шығыс облыстарда қыздардың 15-16 жастан тұрмысқа шығуы жиі кездеседі.

Өзбекстан заңдары бойынша, қыздарға тұрмысқа 17 жастан бастап, шығуға, ерлерге 18 жастан бастап үйленуге рұқсат етіледі. Бірақ іс жүзінде қыздар 16 жасында да тұрмыс құра береді. Өзбекстанның отбасы кодексінде жергілікті билік тек ерекше жағдайларға отбасы құрғысы келетіндердің жасын азайта алады, бірақ оның өзі бір жылдан артық болмауы тиіс.

Ерте отбасын құрудың жиілеуіне байланысты 2013 жылы өзбек билігі неке жасы туралы заң талабын бұзғаны үшін қолданылатын жазаны күшейткен. Ол бойынша, ерте некеге отырғандарға ең төменгі жалақының жүз есеге дейінгі көлемінде айыппұл немесе үш жыл түзеу жұмыстары, я алты айға дейін қамауға алу жазасы көріледі.

XS
SM
MD
LG