Accessibility links

Путин: Түркия ұшақты атып түсіргеніне өкінеді


Владимир Путин Федералдық кеңес алдында ресейліктерге жолдауын оқып тұр. Мәскеу, 3 желтоқсан 2015 жыл.

Владимир Путин Федералдық кеңес алдында ресейліктерге жолдауын оқып тұр. Мәскеу, 3 желтоқсан 2015 жыл.

Ресей Федералдық кеңесінде жыл сайынғы жолдауын оқыған президент Владимир Путин Ресей Түркияның өз ұшағын атып түсіргенін ешқашан ұмытпайтынын мәлімдеді.

Путин Түркия "өз ісіне өкінетінін" айтып, Ресейдің ұшақты атып түсіруге жауабы сауда-саттық санкциясымен шектелмейтінін ескертті. Бірақ ол Мәскеу Анкарамен "семсерлеспейтінін" білдірді.

Путин бұған қоса мемлекеттер "террорға қатысты қос стандарт саясатын ұстанбауы" немесе террорлық ұйымдарды өз мақсаттарына пайдаланбауы тиіс екенін" мәлімдеді.

Путин қазіргі экономиканың төмендеуі қарапайым ресейліктерге әсер етіп жатқанын да айтты.

Анкара мен Мәскеу арасы 24 қарашада түркиялық әскери-әуе күштері Сириямен шекарада Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіріп, бір ұшқышы қаза тапқаннан кейін нашарлаған.

Анкара ұшақ Түркия әуе кеңістігін бұзып кірген соң атып түсірілгенін мәлімдеген. Ресей ұшақтың Сирия әуе кеңістігінен шықпағанын айтады.

XS
SM
MD
LG