Accessibility links

Коалиция Сирияда ИМ мұнай кеніштерін бомбалады


Сирияның Кобани қаласы үстінен ұшып бара жатқан АҚШ бастаған коалиция ұшағы.

Сирияның Кобани қаласы үстінен ұшып бара жатқан АҚШ бастаған коалиция ұшағы.

АҚШ бастаған коалиция әскери ұшақтары Сирияның шығысындағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы бақылайтын мұнай өндіретін аймақтарға әуе шабуылдарын жасады.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, әуе шабуылы Дэйр әл-Зор провинциясындағы Джафра, Танак және әл-Омар аймақтарына жасалған.

Ұлыбритания қорғаныс министрлігі бұған дейін британ ұшақтары әл-Омар аймағындағы мұнай кеніштерін бомбалағанын хабарлаған. Кеше Ұлыбритания парламенті үкіметтің АҚШ бастаған коалицияға қосылу туралы ұсынысын мақұлдаған.

Ресей Ұлыбританияның алғаш Сирияда әуе шабуылдарын жасағаны туралы ақпараттан соң ИМ-ге қарсы кез-келген әрекетті қолдайтынын мәлімдеген.

"Біз терроризмге, ИМ-ге қарсы кез-келген қолдай береміз" деді Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

XS
SM
MD
LG