Accessibility links

Бельгияда Париждегі терактіге қатысты екі адам қамалды


Брюссель көшесінде жүрген полицейлер. Бельгия, 27 қараша 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
Брюссель көшесінде жүрген полицейлер. Бельгия, 27 қараша 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Бельгияда Париждегі терактілерді тергеу аясында Франция мен Бельгияның екі азаматы ұсталып, бір айға қамалды. Бұл туралы Бельгия бас прокуратурасы хабарлады.

20 жастағы француз 29 қарашада Брюссель әуежайында Мароккоға ұшайын деп тұрғанында ұсталған, ал 28 жастағы бельгиялық Моленбек ауданындағы пәтерлерді тінту барысында ұсталған. Бұған дейін тергеушілер Парижде терактілер жасауға қатысқан екі терроршының Моленбек ауданында тұрғаны туралы айтқан.

Бельгияда осымен сегіз адамға Париждегі терактілерге қатысты айып тағылған.

13 қарашада Парижде бірнеше жерде болған терактілер салдарынан 130 адам қаза тауып, 350-ден астам адам жараланған.

XS
SM
MD
LG