Accessibility links

Мәскеу Анкарамен газ құбырын салу келіссөзін тоқтатады


Ресей энергетика министрі Александр Новак.

Ресей энергетика министрі Александр Новак.

Ресей энергетика министрі Александр Новак өз елі Түркиямен «Түркия ағыны» жаңа газ құбырын салу туралы келіссөзді тоқтататынын мәлімдеді. Новактың сөзінше, Кремль салған санкциялар «сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі, оның ішінде газ құбыры жобасын талқылайтын үкіметаралық комиссияның жабылуына» әкеп соқтырған.

Жоспар бойынша «Түркия ағыны» жобасы Ресейден Қара теңіз табаны арқылы Түркияның батысына баратын төрт тармақты қосуы тиіс болған. Бұл жоба іске асса, Ресейге Еуропаға газды Украинаны айналып тасымалдауға мүмкіндік ашылар еді.

Ресей президенті Владимир Путин бұл жоба жайлы 2014 жылдың желтоқсанында Мәскеу Еуропа Одағының талабы бойынша «Оңтүстік ағын» газ құбырынан бас тартқан соң мәлімдеген болатын.

3 желтоқсанда «Газпром» компаниясы басшысы Алексей Миллер Анкара Ресейден «Түркия ағыны» жобасы бойынша келіссөзді жалғастыруды сұрауға мәжбүр болатынын мәлімдеген. Новактың айтуынша, Түркиямен атом электр станциясын салуға қатысты келіссөз жалғасады.

XS
SM
MD
LG