Accessibility links

Ресейде жүргізушілер қарсылық акциясын өткізбек


«Платон» жол төлемі жүйесін енгізуге қарсы ресейлік жүргізушінің көлігіне жапсырылған жазу. (Көрнекі сурет.)
«Платон» жол төлемі жүйесін енгізуге қарсы ресейлік жүргізушінің көлігіне жапсырылған жазу. (Көрнекі сурет.)

Ресейдегі алысқа жүк тасымалдайтын көлік жүргізушілері 4 желтоқсанда үкіметтің жаңадан енгізген «Платон» деп аталатын жол төлемі жүйесі туралы шешімін жоюды талап ететін акция өткізуге жиналып жатыр.

Кейбір ресейлік ақпарат құралдарының, оның ішінде «Открытая Россия» порталының хабарлауынша, акцияға қатысатын үлкен жүк көліктері негізінен Мәскеуден 30 километр қашықтықта жиналмақ.

Жүргізушілер өздеріне Санкт-Петербургтен басқа да жүргізушілер келіп қосылатынын және оларды 10-12 сағат тосатындарын айтады. Бірақ полиция «бір орында ұзақ тұруға болмайтынын» алға тартып, жиналған жүргізушілерге «тараңдар» деп әлсін-әлсін ескерту айтып жатыр.

Ресейде алысқа қатынайтын көлік жүргізушілерінің жаңа жол төлемі жүйесіне қарсылығы қарашаның ортасынан байқала бастаған. Жүргізушілер әр облыс, аймақта «Платонға» қарсылық жиындары мен митингтер өткізген.

Үкімет шешіміне сәйкес, Ресейде 15 қарашадан бастап салмағы 12 тоннадан асатын көліктер федералдық жолдарда жүргені үшін ақы төлеуі тиіс. Жол төлемі «Платон» деп аталатын жүйе арқылы жиналады деп белгіленген.

XS
SM
MD
LG