Accessibility links

Алматы полициясы: 7-ауруханадан бомба табылмады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Алматыдағы 7-қалалық клиникалық аурухана ғимаратынан ешқандай жарылғыш зат табылмады деп хабарлады бүгін қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметі бойынша, жұма күні таңертең белгісіз адам телефон шалып, Алматының Қалқаман шағын ауданында орналасқан 7-ауруханаға бомба қойылғаны туралы хабарлаған.

«Арлан» арнайы жасағының саперлері, ішкі істер бөлімінің жедел-тергеу тобы, төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қалалық департаментінің қызметкерлері ғимаратты тексеріп шықты. Жарылғыш зат табылмады» деп хабарлады ІІД.

Бомба туралы хабардан соң ауруханадан бір мың 700 адам сыртқа шығарылған. Аурухананы тексеріп шығу бір жарым сағатқа жуық уақытқа созылған.

Алматы ІІД бомба туралы хабарлаған адамның кім екені анықталғанын, қазір полиция оны ұстау шараларымен айналысып жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG