Accessibility links

Ресей Иранға С-300 кешенін беруді бастады


Ресейдің С-300 зениттік зымыран кешені.

Ресейдің С-300 зениттік зымыран кешені.

Ресей Иранға С-300 зениттік зымыран кешенін жеткізе бастағаны туралы Ресей президентінің әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша көмекшісі Владимир Кожинге сілтеме жасап ТААС агенттігі хабарлады. Бірақ Кожин қару кешенін Иранға жеткізуге қатысты толық ақпарат бермеген.

Ресей 2010 жылы БҰҰ санкциясына байланысты Иранға зымыран кешенін жеткізу келісімін тоқтатқан. Биыл президент Владимир Путин Иран әлемдік державалармен ядролық бағдарламасын шектеу туралы келісім жасасқаннан кейін бұл мәселені қайта көтерген.

Өткен айда Ресей мен Иран С-300 кешенін жеткізу келісімін қайта бастағаны хабарланған.

Израиль мен АҚШ Иранға зымыран кешенін жеткізу аймақта тұрақсыздық орнатады деп, келісімге алаңдаушылық білдірген.

XS
SM
MD
LG