Accessibility links

Жерорта теңізінде екі мың мигрант құтқарылды


Жерорта теңізіндегі мигранттарды құтқару операциясы.
Жерорта теңізіндегі мигранттарды құтқару операциясы.

Жерорта теңізі арқылы 11 қайықпен Италияға жетпек болып, ашық теңізде қалған екі мыңға жуық мигрант құтқарылған.

Италия жағалау күзеті қызметінің хабарлауынша, желтоқсанның 3-і күні болған құтқару жұмыстарына Италия, Ұлыбритания және Испания әскери кемелері мен «Шекарасыз дәрігерлер» үкіметтік емес ұйымының кемесі қатысқан. Жағалау күзеті қызметі құтқару туралы дабылды мигранттар қайығындағы спутниктік телефоннан алғанын айтады.

Бұл соңғы бір айда Италияға теңіз арқылы жетуге әрекет жасағанда құтқарылған ең көп мигрант болып отыр.

Соңғы апталарда ауа-райының нашарлауынан Италияға бет алған мигранттар ағыны күрт азайған. Көпшілігі Солтүстік Африка елдерінен шыққан мигранттар негізінен Ливиядан контрабандистер қайықтарымен Италияға жол тартады.

Биыл Еуропаға барған 900 мыңға тарта мигранттың 140 мыңнан астамы Италияға жеткен.

XS
SM
MD
LG