Accessibility links

Каирде түнгі клубқа шабуылдан 16 адам өлген


Шабуыл жасалған түнгі клуб алдында тұрған полицейлер. Каир, Египет, 4 желтоқсан 2015 жыл.
Шабуыл жасалған түнгі клуб алдында тұрған полицейлер. Каир, Египет, 4 желтоқсан 2015 жыл.

Каирде мейрамхана орналасқан түнгі клубқа жасалған шабуылдан 16 адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған. Египет қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, шабуылдаушы Агуза кварталындағы түнгі клубқа қолдан жасалған жанғыш сұйық зат лақтырған.

Кейбір мәліметтер бойынша, шабуылды үш адам жасаған және олар жасырынып үлгерген. Олар ғимаратқа бірнеше жанғыш зат лақтырған. Бұдан соң өрт басталып, оны бірден сөндірген. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Египетте бұған дейін болған шабуылдардың көпшілігін исламшыл радикалдар мойнына алған. Шабуылдар мен жарылыстардан көбінесе полицейлер мен әскерилер қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG