Accessibility links

Назарбаев: Террорға қарсы күресті жетілдіру керек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев терроризммен күрес шараларын жетілдіру қажетін мәлімдеді. Бұл туралы президент бүгін Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) «Арыстан» арнайы жасағы орналасқан жерге барғанда айтқан.

Назарбаев қазір «соғыс нақты майдан сызығы бойынша жүріп жатпағандықтан әлем терроризммен күресте қиындықтарға тап болды» деген.

«Әлем мен аймақтағы соңғы оқиғалар, терактілер, Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың саябырсымауы терроризммен күреске қатысты мемлекеттік шараларды жетілдіру қажетін көрсетеді» деген Назарбаев.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан президенті «Арыстан» орналасқан мекенде мемлекеттік органдардың басшыларымен, арнайы мақсаттағы жасақтардың командирлері, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, президент әкімшілігінің, ҰҚК, қорғаныс министрлігі және ішкі істер министрлігінің басшыларымен жиын өткізген.

XS
SM
MD
LG