Accessibility links

Ресей халықаралық сотқа мойынсұнбау құқығын бекітпек


Ресей мемлекеттік думасы ғимаратының төбесіндегі Ресей туы. (Көрнекі сурет.)
Ресей мемлекеттік думасы ғимаратының төбесіндегі Ресей туы. (Көрнекі сурет.)

Ресей мемлекеттік думасы осы елдің Конституциялық сотына халықаралық сот шешімдерін орындауға жатпайтын деп тану құқығын беретін заң жобасын түпкілікті оқылымда қабылдады. Бұл туралы жұма күні «Новости» таратқан ақпаратта жаңа заң жобасына сәйкес, егер Конституцияның барлық заңдардан биік тұратыны туралы қағидаға қайшы келетін болса, Ресей Конституциялық соты халықаралық сот шешімін «орындауға келмейтін» деп тануға құқылы болмақ.

Мемлекеттік думадағы 450 депутаттың 436-сы осы заң жобасын мақұлдап дауыс берген. Ресей заңнамасы бойынша, депутаттардың үштен екіден көбісі қолдаған жағдайда конституциялық деңгейдегі заңға өзгерістер енгізіледі.

Ал заң жобасы Ресей президентіне қол қоюға жіберілмес бұрын, Федерация кеңесі мүшелерінің кемінде төрттен үш бөлігі оны мақұлдауы керек.

XS
SM
MD
LG