Accessibility links

ЕАҚС: Ресейдің телефон тыңдау жүйесі - демократияға қатер


Страсбургтегі Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотының ғимараты. (Көрнекі сурет.)

Страсбургтегі Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотының ғимараты. (Көрнекі сурет.)

Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты (ЕАҚС) Ресей кең көлемде қолданып келе жатқан телефон әңгімелерін тыңдау жүйесі демократиялық институттарға қауіп төндіреді деп мәлімдеді.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Жариялылықты қорғау қоры» бөлімшесінің жетекшісі Роман Захаровтың шағымын қараған ЕАҚС Ресейде қолданыстағы мобильдік телефон байланысы арқылы әңгіме, хабарламаларды жасырын тыңдап, жазатын жүйе Еуропалық адам құқығы жөніндегі конвенция талаптарына сай емес деген шешім шығарған.

Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотының шешімінде «жеке өмірге қол сұқпау құқығы бұзылмайтындығына кепілдік болмай» ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бақылау жүйесі «демократиялық құқықтар мен бостандықтардың бұзылуына әкелуі мүмкін» екені айтылған.

Бірақ сот Роман Захаровтың пайдасына ешқандай өтемақы өндіріп бермеген.

XS
SM
MD
LG