Accessibility links

Денис Тен Загребтегі турнирде алтын алды


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен.

Хорватияда мәнерлеп сырғанаудан өткен халықаралық Golden Spin турнирінде қазақстандық спортшы Денис Тен жеңімпаз атанды.

Тен қоссайыс қорытындысы бойынша 276,39 ұпай жинааған. Күміс жүлдені АҚШ спортшысы Адам Риппон (237,87 ұпай) иеленді, ал қола медаль ресейлік Адьян Питкеевке (223,68 ұпай) бұйырды.

Жеңімпазды марапаттау рәсімінде Қазақстанның ескі әнұраны орындалғаны туралы хабарлады Vesti.kz спорт сайты.

Денис Тен былтыр да Загребтегі осы турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алған.

XS
SM
MD
LG