Accessibility links

АҚШ Түркияға жеткізілетін "заңсыз мұнай" жайлы айтты


Хомс провинциясындағы Жазел мұнай кенішінде тұрған сириялық әскери адам. Сирия. 9 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Хомс провинциясындағы Жазел мұнай кенішінде тұрған сириялық әскери адам. Сирия. 9 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Сирияда өндіріліп, Түркияға контрабандалық жолмен жеткізілген мұнай көлемі болмашы ғана деп мәлімдеді жұма күні АҚШ мемлекеттік департаментінің арнайы өкілі Амос Хокштейн.

Баспасөз құралдарына мемлекеттік департаменттің аты-жөнін атамаған өкілдері америкалық мәліметтер бойынша, «Ислам мемлекеті» (ИМ) террорлық тобының бақылауындағы жерде орналасқан ұңғымалардан алынған мұнайдың Түркияға шағын мөлшері жеткізілгені туралы хабарлаған. Бірақ, Ресей айтып отырғандай, «Түркиядан Сирияға жүк көлігімен мыңдап өтіп жатқан жоқ» дейді олар. «Экономикалық тұрғыдан алғанда, контрабандистер үшін шетелге мұнай тасымалдаудың мәні жоқ», өйткені Сирияның өз ішінде мұнай және мұнай өнімдеріне айтарлықтай сұраныс бар, соның ішінде Сирия үкіметі де оған мұқтаж дейді АҚШ мемлекеттік департаменті өкілдері.

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі Сирияда ИМ тобы бақылауындағы аймақтардан Түркияға өте үлкен мөлшерде мұнай тасымалданады деп мәлімдеген. Батыс мамандарының есебі бойынша, ИМ тобының мұнай сатудан күнделікті алатын табысы бір миллионнан бес миллион долларға дейінгі соманы құрайды. Халықаралық коалиция өкілдері әуе операцияларының көмегімен террорлық топтың осынау қаржы көзін жоюға болады деп үміттенеді.

XS
SM
MD
LG