Accessibility links

Түркия мен Сирия шекарасында қырғыз отбасы ұсталған


Сириямен шекара маңында тұрған түркиялық әскерилер. Килис, 24 шілде 2015 жыл.

Сириямен шекара маңында тұрған түркиялық әскерилер. Килис, 24 шілде 2015 жыл.

Түркия мен Сирия шекарасында ұсталған Қырғызстан азаматтары Сириядағы соғыс болып жатқан аймаққа жетпек болған деген болжам айтылып отыр.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, 55 жастағы әйел 20, 22 және 23 жастағы үш қызы мен төрт жасар немересімен бірге Қырғызстаннан жалған құжаттармен шығып, Мәскеу арқылы Сирияға жетпек болған.

«Бірақ олардың жолы болмаған соң, Бішкекке оралып, кейін Қазақстан арқылы қайта кеткен» деп хабарлайды агенттік.

Алдын-ала ақпарат бойынша, әйелдер бұған дейін осы отбасындағы ұл Сирияда соғыста қаза тапқан соң сол елге кеткен отағасына қосылуға барған.

XS
SM
MD
LG