Accessibility links

Тұрсынбаева Загребтегі жарыста күміс иеленді


Элизабет Тұрсынбаева.

Элизабет Тұрсынбаева.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Хорватияда өткен Spin of Zagreb турнирінде күміс медаль алды.

Ол қоссайыс бойынша 176,33 ұпай жинады. Загребтегі жарыстың алтынын былтырғы әлем чемпионы ресейлік Элизабета Туктамышева иеленді (201,33). Ал қола медаль америкалық Карен Чен еншіледі (175,35). Сочи олимпиадасының чемпионы ресейлік Аделина Сотникова алтыншы орынға тұрақтады.

Элизабет Тұрсынбаева биыл АҚШ пен Канадада өткен халықаралық жарыстарда да жүлде алған еді.

Хорватиядағы жарыста ерлер арасында өткен бәсекеде Сочи олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық Денис Тен алтын алған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG