Accessibility links

АҚШ-та Beatles тобының жәдігер заты сатылды


Пол Маккартни (сол жақта) және Ринго Старр өлең айтып тұр. Лос-Анжелес, АҚШ, 27 қаңтар 2014 жыл.
Пол Маккартни (сол жақта) және Ринго Старр өлең айтып тұр. Лос-Анжелес, АҚШ, 27 қаңтар 2014 жыл.

Британдық әйгілі The Beatles тобының «Ақ альбом» (White Album) жинағының сирек кездесетін данасы АҚШ-тағы аукционда 790 мың долларға сатылды. Калифорния штатындағы Беверли-Хиллз қаласында Julien’s Auctions аукцион үйі ұйымдастырған бәсеке сауда барысында жәдігер затты сатып алушының кім екені айтылмайды.

Ұлыбританияда 1968 жылы шығарылған «Ақ альбомның» бұл алғашқы көшірмесі бұған дейін The Beatles тобының барабаншысы Ринго Старрдың иелігінде болған. Julien’s Auctions өкілдерінің айтуынша, бұл жолғы саудада рекорд жаңартылған: бұған дейін «рок-н-ролл королі» атанған Элвис Преслидің алғашқы жазбасы биыл өткен аукционда 300 мың долларға сатылған.

Желтоқсанның 4-і күні Indianapolis Colts америкалық футбол командасының қожайыны Джим Ирсей бір кездері Ринго Старр иелік еткен музыкалық аспапты 2,2 миллион долларға сатып алған. Беверли-Хиллзде екі күн бойы жалғасқан бәсеке саудаға Ринго Стар мен оның әйелі актриса Барбара Бахтың 800-ден аса әртүрлі зат-бұйымдары қойылған.

XS
SM
MD
LG