Accessibility links

Ресейшіл сепаратистер сенбі күні Донецк, Артемовск және Мариуполь бағыттарындағы украиналық әскерилер позицияларын атқылауды жалғастырды деп хабарлады Украинаның шығысындағы арнайы операциялар баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісінде.

Киевтің мәлімдеуінше, сепаратистер Зайцево, Луганское және Майорск елдімекендерін әртүрлі гранатометтерден атқылаған. Пески, Марьинка, Красногоровка және Новгородское елдімекендеріне гранатомет, ірі калибрлі пулеметтер мен атыс қаруынан оқ жаудырған. Зайцево мен Опытное селоларын минометтен атқылаған.

Арнайы операциялар баспасөз қызметі сепаратистер Гранитное маңында танкіге қарсы басқарылатын зымырандармен, ал Опытное елді мекенін гранатомет, ірі калибрлі пулеметтер мен атыс қаруынан атқылаған деп хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG