Accessibility links

Қаржы министрлігі: Ресей жүк көліктерін кеденнен өткізеді


Ресейдің Украинамен шекарасындағы Троебортное кеден бекеті.

Ресейдің Украинамен шекарасындағы Троебортное кеден бекеті.

Түркиядан әкеле жатқан жүгімен қоса Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сыртқы шекарасынан кіре алмай тұрған қазақстандық жүк көліктерін Ресей федералдық кеден қызметі таяу күндері өткізеді деп хабарлады Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің жетекшісі Дәулет Ерғожин сенбі күні Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында.

Түркиядан жүк әкеле жатқан қазақстандық ондаған жүк көліктері Ресейдің Украинамен шекарасындағы Троебортное және Крупец, Грузиямен шекарасындағы Верхний Ларс кеден бекеттерінде 25 қарашадан бері қаңтарылып тұр. Кейбір ақпараттарға қарағанда, жүк көліктерінің біразы Ресейді айналып өтетін басқа бағытпен кетуді ұйғарған.

28 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Түркиядан тауар әкелуге шектеу қою туралы жарлыққа қол қойған. Анкара мен Мәскеудің арасы биыл 24 қарашада Түркияның әскери-әуе күштері Сириямен шекарада Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген соң нашарлаған.

XS
SM
MD
LG