Accessibility links

ИМ тобы Адендегі шабуылды мойнына алды


Аденде шабуыл жасалған жерде тұрған адамдар. Йемен, 6 желтоқсан 2015 жыл.

Аденде шабуыл жасалған жерде тұрған адамдар. Йемен, 6 желтоқсан 2015 жыл.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Йеменде Аден қаласы губернаторы Жафар Мохаммед Саад пен оның алты оққағарын мерт қылған шабуылды өз мойнына алатыны туралы мәлімдеген. Губернаторға шабуыл бүгін таңертең, ол қызметке кетіп бара жатқан кезде жасалған деп хабарлады Йемен қауіпсіздік қызметі.

Сауд Арабиясының қолдауына сүйенген Йемен үкіметінің әскері биыл жазда Аден қаласын шиит көтерілісшілері – хуситтерден азат еткен. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мен «Араб түбегіндегі әл-Қаида» ұйымы Йемендегі жанжалды осы елдегі өз позицияларын нығайту үшін пайдалануға тырысып келеді.

5 желтоқсанда Аден қаласында жасалған шабуылдан сыртқы әскери барлау полковнигі Акил әл-Ходр мен «Әл-Қаида» содырларына үкім шығарған судья Мохсен Алван қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG