Accessibility links

Франциядағы сайлауда оңшыл партия алда келеді


Марин Ле Пен, Францияның әсіре оңшыл "Ұлттық майдан" партиясының жетекшісі

Марин Ле Пен, Францияның әсіре оңшыл "Ұлттық майдан" партиясының жетекшісі

Францияда өтіп жатқан аймақтық кеңестерге сайлаудың алғашқы кезеңінде сайлау учаскелерінен алынған сауалнама бойынша Марин Ле Пен басқаратын әсіре оңшыл "Ұлттық майдан" партиясы алда келеді. Ле Пен партиясы бәсекелестерінен 13 аймақтың кемінде алтауынан алда келеді. Ifop-Fidicial агенттігінің сауалнамасы бойынша, сайлауға қатысқан француздардың 27-ден 30,6 пайызға дейінгісі "Ұлттық майданға" дауыс берген. Одан кейінгі орында бұрынғы президент Николя Саркозидің "Республикашыл партиясы", үшінші орында президент Франсуа Олландтың Социалистік партиясы тұр.

Саркози аймақтық кеңестерге әсіре оңшыл үміткерлердің өтіп кетпеуі үшін социалистермен қандай да бір коалиция құру мүмкіндігін жоққа шығарған.

Парижде 13 қарашада 130 адам қаза тапқан бірнеше терактіден соң дауыс беру кезінде Францияда теракт болу қаупінен қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Сауалнама шабуылдардан кейін мигранттар мен Еуроп Одағына қарсы "Ұлттық майдан" партиясының танымалдығы артқанын көрсетеді. Францияда аймақтық кеңестер транспорт, білім беру мен экономикалық даму салаларында үлкен өкілеттілікке ие.

XS
SM
MD
LG