Accessibility links

Обама: АҚШ-та терроризм қаупі жойылады


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Калифорнияда штатында бірер күн бұрын болған шабуыл "теракт" болғанын және оқ атқан екі адам "радикализм тұңғиығына түсіп кеткенін" мәлімдеді.​

6 желтоқсан күні кешке телеарнадан америкалықтарға арнаған үндеуінде Обама соңғы жылдары терроризмнің жаңа кезеңге өткенін айтып, бірақ "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремитік ұйымының жойылатынына уәде берді.

2 желтоқсанда Калифорнияның Сан-Бернардино қаласында мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін орталыққа қарулы екі адам шабуыл жасап, 14 адам қаза тапқан. Шабуылдан 21 адам жараланған. Кейін АҚШ Федералдық тергеу бюросы шабуылды теракт ретінде қарастыратынын мәлімдеген.

Обама үндеуінде әлемдегі мұсылмандарды радикализм мен ИМ идеологиясына қарсы тұруға және терроризммен күреске қосылуға шақырды. Ол Батыс пен ислам арасында ешқандай қайшылық жоғын айтты.

Обама аталған шабуылдан соң АҚШ "үрейде өмір сүрмеуі тиіс екенін" және елдегі мұсылмандарға қырын қарамауы тиіс екенін айтты. Ол діни негізде миграцияға шектеу қойылмауы тиіс екенін де айтты.

АҚШ президенті бұған қоса елдегі қару-жарақ туралы заңды күшейтуге шақырды. Оның сөзінше, терроршылар тізімінде тұрғандарға қару сатып алуға мүлдем рұқсат берілмеу керегін айтты.

XS
SM
MD
LG