Accessibility links

Армения конституцияны өзгертуді қолдап дауыс берді


Ереван мэрі Тарон Маркарян референдумда дауыс беріп тұр. Армения, 6 желтоқсан 2015 жыл.
Ереван мэрі Тарон Маркарян референдумда дауыс беріп тұр. Армения, 6 желтоқсан 2015 жыл.

Арменияның орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 6 желтоқсанда өткен конституцияға реформа жасау туралы референдумда сайлаушылар негізгі билікті президенттен парламентке өткізуді қолдағанын мәлімдеді.

ОСК 7 желтоқсанда таратқан хабарламасында берілген дауыстардың 93 пайызын санағандағы қорытынды бойынша, дауыс бергендердің 63,5 пайызы конституцияға өзгерістерді қолдағаны айтылады. Ол өзгерістерде 2018 жылы президент Серж Саргсянның президенттік өкілеті аяқталған соң биліктің парламентке өтуі қарастырылған.

Арменияның оппозициялық топтары сайлаудың алдын ала нәтижелерін "жалған" деп атап, мойындаудан бас тартты. Оппозиция "конституцияға реформа Серж Саргсянның билігін күшейтеді" деп санайды. Оппозиция Саргсян реформаны шын мәнінде 2018 жылы екінші әрі соңғы президенттік өкілеті аяқталған соң да билікте қала беру үшін жасамақ дейді. Оппозициялық топтар дауыс беру күні сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтар болғанын айтады.

Арменияның оппозицияшыл Армения ұлттық конгресі (АҰК) жетекшісі Левон Зурабян шын мәнінде армениялықтардың басым көпшілігі президенттің арнайы комиссиясы ұсынған конституцияға өзгерістерді "қолдамағанын" айтады. Ол сайлау учаскелерінен шығып жатқан ондаған сайлаушының "жоқ" деп дауыс бергенін мысалға келтірді.

XS
SM
MD
LG