Accessibility links

Алматы облысында жол апатынан 10 адам мерт болды


Көлік апаты. (Көрнекі сурет)

Көлік апаты. (Көрнекі сурет)

Алматы облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 6 желтоқсанда Жамбыл ауданы аумағында Алматы-Ақтерек-Алға жолының 138-километрінде болған. Mersedes Benz пен Toyota Windom жеңіл көліктері соқтығысқан. Екі көліктің әрқайсысында бес адамнан отырған. Олардың барлығы мерт болған.

"Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы жол апатына сараптама тағайындады" дейді департамент.

XS
SM
MD
LG