Accessibility links

Франция: Социалистер сайлаудың екінші кезеңіне байкот жариялады


"Ұлттық майдан" партиясының жетекшілері Марин Ле Пен мен Марион Марешаль Ле Пен. Ницца, 27 қараша 2015 жыл.

"Ұлттық майдан" партиясының жетекшілері Марин Ле Пен мен Марион Марешаль Ле Пен. Ницца, 27 қараша 2015 жыл.

Франция Социалистік партиясының жетекшілері партияластарын елдің әсіре ұлтшыл "Ұлттық майдан" партиясы көпшілік дауыс алған аймақтарында сайлаудың екінші кезеңіне дауыс беруден бас тартуға шақырды.

Партияның бірінші хатшысы Жан-Кристоф Камбаделисаның айтуынша, социалистер осылайша әсіре оңшылардарға "республикашылдарды кедергі етіп қоймақ" ниетте. Бірақ Республикалық партия жетекшісі, бұрынғы президент Николя Саркози үміткерлерін шақыртып алып, сайлаудың екінші кезеңі алдында Франсуа Олландтың Социалистік партиясымен коалиция құру мүмкіндігін жоққа шығарды. Саркози "француздардың үлкен өкінішін естіп-білгенін" айтады.

Ресми мәлімет бойынша, 6 желтоқсанда өткен аймақтық кеңестерге сайлаудың алғашқы кезеңінде 13 аймақтың алтауында Марин Ле Пен басқаратын "Ұлттық майдан" партиясы алда тұр. 13 қарашада Парижде болған терактілерден кейін рейтингі бірден көтерілген "Ұлттық майдан" өз тарихында мұндай жақсы нәтижеге бірінші рет жетіп отыр.

Сайлаудың екінші кезеңі 13 желтоқсанда өтеді.

XS
SM
MD
LG